Ақтау тұрғыны Галина Ғизатуллина 70 жасқа толған мерейтойын әуеде қалықтап қарсы алды, деп жазады lada.kz
Әжейдің айтуынша, бұл оның өзін экстремалдық спортта екінші мәрте сынап көруі екен.
Галина Ғизатуллина алғаш рет парапланмен былтыр, 69 жасқа толғанында ұшыпты. Әрине, әуеде оған жаттықтырушысы серік болған.
Оған ұшу туралы дельтаплан және параплан секілді әуеде ұшу құралдарына қатысты бизнеспен айналысатын баласы оған ой тастаған екен.
"Менде ешқандай қорқыныш жоқ, керісінше ұшуға қызығушылығым жеңіп кетті. Келер жылы дельтапланмен ұшуды жоспарлап отырмын. Мен қартаюдан қорыққан емеспін, қазір де егде тарттым деп ойламаймын. Өмірімде әлі де талай ұшамын деп ойлаймын", – дейді Галина Михайловна.