Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 3 қыркүйекте Ақтау полиция басқармасына азаматша өзінің қызына қатысты азғындық әрекеттер жасаған азаматқа шара қолдану туралы арызбен жүгінген. Аталған дерек ҚР ҚК 124 - бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қалған мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмеді.
Тасым Жаңай
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу