Ақтаулық блогер тобынан адасып қалған қоқиқаздарды үйінде баққан

303

Блогер бұл әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

Ақтаулық блогер тобынан адасып қалған қоқиқаздарды үйінде баққан Фото: видео скриншот

Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев тобынан адасып қалған қос қоқиқазды үйінде баққан, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Блогер қоқиқаздардың балапанын Қаражанбас кен орны мен Ақтау портынан тапқан.

Ол құстарды үйінде ұстап, теңіз өнімдерімен бағып-қақты. 

Азамат Қызыл кітапқа енген бұл құстарды үйінде ұзақ ұстай алмайтынын, алайда құзырлы орындардан ешкімнің хабарласпағанын әлеуметтік желідегі парақшасында айтқан.

Аталған жағдай бойынша аумақтық орман шаруашылығы инспекциясының басшысы құстарды орналастыру бойынша шара қабылданып жатқанын жеткізді.

— Инспекция мамандары қоқиқаздарды барып көрді. Тиісті акт жасады. Құстардың жағдайы бірқалыпты. Жарақаты жоқ. Енді Алматы хайуанаттар бағына тапсыру жөнінде келісім жасалды. Бүгін құстарды алып кетеді. Ал оларға қамқорлық жасаған ерікті бұл әрекеті үшін жауапкершілікке тартылады деген жалған ақпарат, - деді Ғаббас Досатов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу