30 қаңтар күні дүниеге келген ұл баланың бойы – 54 сантиметр, салмағы 3 590 грамм болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, блогерлер Мерей мен Әсел Оразбековтер ұлына ерекше "Роналдо" деген есім беріп, желі қолданушыларының пікірін қақ жарды. Кейбірі есім қазақша болуы керек дегенді алға тартса, енді бірі ең бастысы баланың амандығы екенін жеткізген.
Ал Роналдоның анасы, блогер Әсел Оразбекова балаға қай тілде ат қойылса да, оның тәрбиесі бірінші орында тұратынын айтады.
– Есімнің ұлты болмайды, есімнің салмағы болады. Роналдо – еңбек, тәртіп, жеңіс, әлемге танылу деген символ. Біз балаға жай есім емес, ниет қойдық. Біреу батырдың атын қояды, біреу атасының атын, ал біз ұлымыз әлемдік деңгейде жүрсін, шекарасы тар болмасын деп қойдық. "Қазақша ат табылмады ма?" дейтіндерге айтарым: қазақтың рухы – атында емес, тәрбиесінде. Ал мен ұлымды нағыз қазақ қылып өсіремін, уайымдамаңыздар, – деп жазды ол.