Ақтаулық дәрігерлер жүрек ақауы бар жүкті әйелді аман алып қалды

386

Маңғыстау облыстық көпбейінді перинаталдық ауруханасының дәрігерлері күрделі жүрек ақауымен түскен жүктіліктің 33-аптасындағы 27 жастағы әйелді аман алып қалды. 

Ақтаулық дәрігерлер жүрек ақауы бар жүкті әйелді аман алып қалды Фото: Ақтау перинаталдық орталығы

Науқастың жүрегіндегі ақау биыл наурыз айында анықталған. Ол бұрын-соңды кардиолог көмегіне жүгінбеген, есепте тұрмаған.  Жүкті әйел ауруханаға ентігу, жүрек соғысының жиілеуі, шаршау, әлсіздік белгілерімен  түскен. 

Науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсету мақсатында орталықтың жетекші дәрігерлерімен бірлескен кеңес өткізіліп,  республикалық орталықтардағы мамандармен телеконсультация ұйымдастырылды.

Перинаталдық орталықтың акушер-гинекологы Юлия Досаханованың айтуынша,  ауруханада науқасқа дереу ультрадыбыстық зерттеу жүргізіліп,  нәтижесінде туа бітті жүрек ақауы, диаметрі 1-4 мм жүрек қалқасының ақауы, митральды қақпақшаның ІІ дәрежелі жеткіліксіздігі анықталды.

Мұндай диагноз салдарынан баланы табиғи жолмен босану мүмкін болмағандықтан кесір тілігін жасалды.

Ота 40 минутқа созылды. Перинаталдық орталықтың білікті дәрігерлері бар күш-жігерін әрбір минутты тиімді пайдалануға жұмсап,   ана мен бала өміріне төнген қауіпті сейілтіп, аман алып қалуды көздеді.

"Біздің басты міндет - жүрек дертіне душар болған анаға перзентін аман-сау дүниеге әкелуіне жәрдемдесу еді. Ота сәтті өтті. Салмағы 1 келі 840 грамм, бойы 41 см, шала туылу белгілері бар ұл бала дүниеге келді. Жан-жақты медициналық тексерістен соң ана мен бала қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды, - деді Юлия Асенбайқызы.                                                                                                                                                                                          

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу