Ақтаулық егіздер Қасым мен Жомарт Президенттен хат алды

810

Президенттің өзі егіздерге хат жолдайды дегенді бұл отбасы мүлдем күтпесе керек. Мемлекет басшысынан арнайы хат алған Қасым мен Жомарттың қуанышында шек жоқ, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Ақтаулық егіздер Қасым мен Жомарт Президенттен хат алды

Егіздер хатты қайта-қайта оқып жүр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13 жасар қос жеткіншекке ел үшін қызмет етер азамат болып, биік белестерді бағындыруды тілеген.

"Айналайын Қасым мен Жомарт, сендер туралы жақында хабардар болдым. Терең білім алып, үлкен дипломат болам деп алдарыңа биік мақсат қойыпсыңдар. Бұл – мемлекет мүддесі үшін аса қажет мамандық.

Мемлекетіміз, халқымыз үшін бар күшін салып қызмет ететін үлкен азамат болыңдар. Еліміздің келешегі – жастар. Сол үшін алғыр, ақылды, зерек, білімді болып өсіңдер. Өйткені бұл – зор жауапкершілік. Бүгінгі жасөспірім – ертеңгі ел иесі. Сендер қаншалықты білімді, білікті болсаңдар, еліміздің келешегі соншалықты кемел болады. Өздеріңдей көп тіл білуді мақсат еткен, Отанын шексіз сүйетін жастардың өсіп келе жатқанына қуаныштымын. Әрдайым осындай белсенді, талапты болыңдар. Өмірде биік белестерді бағындыруларыңа тілектеспін!", – делінген хатта.

Бұған дейін Ақтаудағы егіздер жайлы жазған болатынбыз. Ақтауда №11 мамандандырылған физика-математика лицейінің 8-сыныбында оқитын Қасым мен Жомарт болашақта дипломат болуды мақсат етіп, бүгінде бірнеше шет тілін меңгеріп жүр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу