Ақтаулық ит иесін құтқарып, өзі суға батып кетті

Жануардың жан тебірентерлік жанашырлығын жергілікті Lada.kz басылымы жазды.   

Ақтаулық ит иесін құтқарып, өзі суға батып кетті Фото: lada.kz

Иттің иесі Татьяна қайғылы жағдайдың 18 тамыз күні болғанын есіне алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Келіншектің сөзінше, оның 13 жастағы қызы Богдана теңіз жағалауында Лорд есімді лабрадорымен серуен құрған. Бір топ теңіз жағасындағы тастардың үстімен секіріп ойнап жүргенде, толқын көтеріліп, қызды теңізге тартып әкеткен көрінеді. 

Үсті су болған Богдана өз бетімен жағалауға шыға алмаған. Иесінің шарасыз күйін көрген Лорд сол сәтте жасөспірімді құтқаруға әрекет етіпті. 

Оқиға куәгерлері иттің қызды бар күшімен тастарға қарай итеріп, қауіпсіз жерге шығарғанын айтады. Бірақ, қатты толқыннан соң жануардың өзі судан шыға алмаған. 

– Лорд отбасымыздың толыққанды мүшесі еді. Менің үш балам бар, ең кішкентай қызым – бір жаста. Лорд сол қызыммен бірге ойнап, күтім жасап жүретін. Біз оны қатты сағынатын боламыз, – деді Татьяна жабырқаулы жүзбен. 

Ол Лордтың отбасында екі жыл тұрғанын, марапаттары да бар екенін айтып өтті. Үй жануары жасөспірімді қорғау мен оған қамқорлық жасау бойынша арнайы оқудан да өткен болып шықты.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу