Ақтаулық кеденшілер тәркіленген тауарды таратты

645

Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне қарасты "Ақтау–кедендік рәсімдеу орталығы" кедендік бекетінің қызметкерлері тәркіленген тауарларды мұқтаж жандарға берді. 

Ақтаулық кеденшілер тәркіленген тауарды таратты

Арнайы комиссия заң аясында бұл тауарлар әрі қарай пайдалануға жарамды әрі су жаңа күйде болғандықтан, оны қажеттілікке жарататын ұйымдарға беру керек деп шешкен. Осылайша, балаларға арналған киім-кешек, тұрмыста тұтынатын түрлі тігін, төсек-орын бұйымдары балалар үйлеріне, қарттар мен мүгедектер үйіне, балабақша, мектеп, басқа да әлеуметтік мекемелерге жол тартқан. Бұл заттардың барлығы қайтарылмайтын негізде беріліп отыр.

"Тәркіленген жаңа дүниелердің көзін бостан босқа жоймай, заңды негізде беріп отыру үшін әлеуметтік ұйымдардың, сондай-ақ, тұрмысы төмен, қиын жағдайға тап болған адамдардың тізімін жасадық. Бұл шара алдағы уақытта да жалғасады деп ойлаймын", – дейді аталған департамент бастығының орынбасары Ербол Утеев.

   Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу