Ақтаулық отбасы үш жылдан бері әділдік таппай жүр

601

Үш жыл бұрын жасөспірім электр тоғының соғуынан қайтыс болған.    

Ақтаулық отбасы үш жылдан бері әділдік таппай жүр                          Фото: oqu.news

Содан бері туыстарының қақпаған есігі қалмаған. Кінәлілерді сотқа берген отбасы әлі күнге әділдік таппапты.                                 

14 жасар Рубен Макаров мектеп жанындағы бағанаға тиген кезде тоқ соғып, сол мезетте мерт болады. Бұл 2021 жылдың жазы еді.

Марқұмның ағасы Павелдің айтуынша, тергеу үш жыл бойы тәуелсіз электротехникалық сараптама жасатар емес. Алматыдан мамандар оны 2022 жылы, содан кейін тағы бір жылдан кейін сараптама жасауға келді. Бірақ жауап біреу: бағана бөлшектелгендіктен қорытынды беру мүмкін емес.

"Алматылық сарапшының қорытындысы болмаса, істі әрі қарай жалғастыруға болмай ма? Сонда сараптама болмаса қылмыс жоқ, кінәлілерге жаза да жоқ деген сөз бе? Баланың қыршыннан қиылған өмірі ше? Мен түсінбеймін, бұл біздің органдарымыздың немқұрайлылығы ма? Әлде істі жабу біреу үшін қажет пе?",- деді Павел Макаров.

Туыстары мен құқық қорғау органдарының қолында сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бар. Онда бала электр тоғының соғуынан қайтыс болды делінген. Сондай-ақ, тәуелсіз электрик маманнан апаттан соң бағана бөлшектелгенге дейін тексерген құжат бар. Маман бірнеше тармақ бойынша бұзушылықты атап өткен. Бірақ соған қарамастан қылмыстық іс екінші рет тоқтатылды.

"Бұл іс сараптама тағайындауға байланысты тоқтатылды. Сот электротехникалық сараптама тағайындалды",- деп түсіндірді Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.

Бір отбасына қайғы әкелген бағана орнында жоқ. Енді оның ақ-қарасы анықталуына күмән келтірген марқұмның туыстары  Бас прокуратураға жүгініп, әділдік іздемек.                                                                                                     

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу