Ақтаулық прокурорлар борышкерлердің жұмысқа тұруына ықпал етті

115

Еңбек жәрмеңкесіне 15-тен астам кәсіпорын қатысты.    

Ақтаулық прокурорлар борышкерлердің жұмысқа тұруына ықпал етті Фото: turaninfo.kz

Ақтау қаласы прокуратурасының бастамасымен қалалық мансап орталығында мемлекет алдында және алимент бойынша берешегі бар азаматтарды, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шараның негізгі мақсаты – борышкерлерді жұмысқа орналастыру арқылы мемлекет алдындағы және алимент бойынша берешектердің өтелуіне ықпал ету, сондай-ақ оларға құқықтық көмек көрсету болды.

Жәрмеңкеге 15-тен астам кәсіпорын қатысып, түрлі сала бойынша 70-тен астам бос жұмыс орнын ұсынды. Іс-шараға шамамен 80 азамат қатысты.

Жәрмеңке қорытындысы бойынша 28 азамат тұрақты жұмысқа орналасуға ниет білдірді, тағы 15 азамат жұмыс іздеуші ретінде тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу