Ақтаулық салымшылар Президентке Үндеу жолдады

465

Ақтаудағы "Мұрагер" тұрғын үй кешенінің салымшылары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеөтініш жолдады. 

Ақтаулық салымшылар Президентке Үндеу жолдады Фото: бейнеден скриншот

Олар бірнеше жылға созылған мәселені шешуді сұрайды. 400-ден астам салымшы маңғыстаулық "ISA Group" ЖШС-нен алданып қалғанын айтты.                                                                                                                                                                                 

"Біз азап шегіп жатырмыз, өз проблемаларымызбен кімге жүгіну керек білмейміз. 2021 жылдан бастап 400 пәтер иесінің әрқайсысы 29А және 31Б шағын аудандарда салынуы тиіс "Аққала" және "Мұрагер" ТК кешендеріне әр салымшы кемінде 9 000 000 теңге инвестициялады. Бүгінгі таңда үйсіз, күйсіз жүрміз. Бізде ақша да, пәтер де жоқ", - деп шағымданды салымшылар.

Қала тұрғындарының айтуынша, шарт бойынша 2023 жылдың тамызында пәтерлердің кілтін беруге тиіс "ISA Group" ЖШС құрылыс компаниясы "Аққала" ТК әлі қабырғасын да тұрғызбаған.

"Қазіргі уақытта бос жерден басқа ештеңе жоқ. Біз, алаяқтарға алданған салымшылар, Маңғыстау облысының әкімдігіне бірнеше рет барып, өз проблемамыз туралы жанайқайымызды айттық. Жауапты өкілдермен бірнеше кездесулерге қарамастан, нәтиже жоқ. Бізге алаяқтарды сотқа беруден басқа ештеңе қалмады. Алайда тергеулер мен тексерулер бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Үлескерлердің жалғыз үміті - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевта. Баратын жер жоқ, тікелей араласып, бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқан мәселені шешуді сұраймыз", - дейді қала тұрғындары.

Бұрынғы басшылық олардың ақшасын иемденіп қашып кетті, ал жаңасы компанияның шоттары бұғатталғандықтан нысанды аяқтай алмай отырмыз дейді.                                                                                                                                                      

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу