Ақтаулық тұрғын алаяққа бір жарым млн теңгеге алданып қалды

652

Ақтау қаласында алаяқ тұрғынның сеніміне кіріп, арзан көлік пен жүргізуші куәлігін алып беруге уәде берген. 

Ақтаулық тұрғын алаяққа бір жарым млн теңгеге алданып қалды Фото: Спорт-Экспресс

Бірақ уәдесінде тұрмаған алаяқтың үстінен арыздануға тура келеді. Жалпы шығын 1 млн 541 мың теңгені құрайды.

Қазір күдіктінің жеке басы анықталып, қамауға алынды. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабымен іс тіркелген. Жаза 1000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарын жүргізуді көздейді. 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, мүлкі тәркіленіп, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы да қолданылуы мүмкін.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу