Облыстық еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті 2021 жылдан бастап зейнетақы төлеуді тоқтатып тастады. Оған Ресейде зейнетақы тағайындалғандығы туралы ақпарат себеп болған.
Зейнеткер Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына талап арыз беріп, Ақтауда тұратынын және Қазақстан азаматы екендігін дәлелдеді. Ол басқа мемлекеттің азаматтығын алмаған болып шықты.
Сот Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің зейнетақыны қалпына келтіруден бас тарту жөніндегі әрекетін заңсыз деп танып, зейнеткердің пайдасына үкім шығарды. Енді департамент 2021 жылдан бастап төлемді қайта бастауға міндеттелді.
Сот шешімі заңды күшіне енді және толық көлемде орындалды. Зейнетақы төлеу қайта басталды.
Тасым Жаңай