Бұл үйдің тұрғындары үшін қоныс тойдың қуанышы ұзаққа созылмады. Өйткені, уәде етілген ойын алаңы кенеттен балабақшаға айналған. 300 пәтер иесінің баласына арналған алаңқай 2 қабаттан тұрады. 150 орындық балабақша ашылса аулада көлік көбейіп, балаларымызға қауіп төнеді, деп алаңдайды тұрғындар.
"Талабымыз мына жерде тұрған зданияны алып тастау керек. Себебі, ол балаларымызға өте қауіпті. 300 пәтерлік үйде мынадай, жас аналар коляскамен тұрады жоғары көтеріле алмай. Негізгі мәселе мынаны алу керек", дейді тұрғын Салтанат Бергенқұлова.
Тұрындарға жауап қатпаған мекеме өкілдерінің айтуынша балабақша тұрғындар қажеттілігіне орай тұрғызылған. Ал көлік мәселесіне алаңдауға негіз жоқ. Себебі, алдағы уақытта қақпа орнатылады. Яғни, бөгде көлікке шектеу қойылады.
Бүгінде шағын бизнес иелеріне жеңілдік көп. Соларлың бірі - балабақша салуға рұқсат алмауға болатындығы. Мемлекеттік портал арқылы деректер енгізіп, жергілікті билікке хабарлама берсе де жеткілікті көрінеді.
"Балабақшаға лицензия қазір берілмейді. Ол тек хабарлама жібереді. Хабарламаны беру үшін ол бізге келуге міндетті емес. Жанағы е-лицензия порталына дүктейді мәліметтерін, сол хабарлама берді деген сөз. Ал балабақша ашу туралы, басқа туралы ол жергілікті билікке хабарласады. Біріншіден хабарлама беру керек. Енді қазіргі таңда бізге ол хабарлама берілген жоқ", деді Маңғыстау облыстық білім беру сапасын қамтамасыз ету басқармасы басшысының орынбасары Тәттімбек Жумалиев.
Жекеменшік балабақшаны жарнамалаған блогерлер оның қаңтар айында ашылатынын айтқан. Алайда, нақты уақыты белгісіз. Сондықтан тұрғындар білім бөлімі мамандарының көмегіне жүгініп, талаптарынан қайтпайтынын алға тартып отыр.
Нұрлан Қуанышбай