Ақтаулық тұрғындар құрылыс мердігеріне наразы

441

Ақтау қаласында 14 шағын аудандағы көп қабатты үй құрылысына тұрғындар риза емес. 

Ақтаулық тұрғындар құрылыс мердігеріне наразы Фото: inbusiness.kz

Өткен жылдың мамыр айында басталған құрылыс құжат бойынша биыл жазда қолға алынды деп рәсімделген. Бұл былтырдан бері тұрғындар мен мердігер арасындағы дауды жасыру мақсатында жасалған құйтырқы әрекет дейді көпшілік. 

"Юпитер Строй" ЖШС-і қожайынына қатысты Ақтау қалалық экономикалық сотта өтуі тиіс отырыс болған жоқ.

"Олар бұл мәселені бітімгершілік келісім арқылы шешуге талаптанып отыр. Ортақ пайдалануға жататын жер заңсыз берілген. Біз ешқандай келісімге келмейміз. Неліктен "Юпитер Строй" ЖШС мен сәулет және құрылыс басқармасы бұл мәселені халыққа тиімді қылып  шешпей отыр? Құрылысқа дайындық туралы хабарландыру өткен жылдың мамыр айында құрылыс басталған соң пайда болды. Серіктестік барлық тұрғын әбден шатастыруға ұмтылуда. Бұл құрылыстың құжаттары жалған. Құжаттар кері қайтарылған соң, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі осы учаскедегі құрылыстың заңсыздығы туралы жауабынан бұрын үй салынып кетті", - дейді тұрғындар.

Айта кетейік, өткен жылдың жазында 14 шағын ауданның тұрғындары көпқабатты үйдің жоспарланған құрылысына келіспейтіндерін білдірді.11 қабатты кешен өздері тұратын үйге тым жақын орналасқан, әрі құлап кету қауіпі бар деп қорықты. Шенеуніктер қаланың бас жоспарында осы учаскеде тұрғын үй кешенінің құрылысы қарастырылмағанын алға тартты.

Тіпті өңірдің жер ресурстарына жауапты департамент қызметкерлері Ақтау әкімі аппаратына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіп, жер заңнамасы бойынша учаскенің берілуінен бұзушылықтарды анықтаған. Осыған қарамастан құрылыс әлі де жалғасып келеді. Мәселе оң шешілмесе тұрғындар наразылықтарын жалғастыра бермек.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу