Ақтаулық тұрғындар мектепке зәру

483

Оқушылар шалғайдағы білім ошақтарына автобуспен немесе таксимен қатынайды.

Ақтаулық тұрғындар мектепке зәру

Ақтауда 33-шағын ауданның тұрғындары мектеп салып беруді сұрайды. Бұл жерден  3 мыңға жуық бала қаладағы әртүрлі мектептерге қатынап оқуға мәжбүр. Үш ауысыммен оқитын оқушылардың жағдайы тіпті қиын. Қас қарайғанша мектепте жүретін олардың қауіпсіздігіне ата-аналары алаңдаулы. 

Білім басқармасы өкілдерінің мәліметінше, үш ауысымды оқыту мәселесі бүгін-ертең шешілмейтінге ұқсайды. Алдағы 3 жылда өңірде жаңадан 44 білім беру мекемесі салынбақ. Бүгінде облыс бойынша 40-қа жуық мектепте орын тапшы.

"2025 жылға дейін Ақтау қаласындағы барлық шағын аудандарға мектеп салу жоспарға енгізілді. Енді әрі қарай уақыттың еншісінде. Республикалық бюджеттен, жекеменшік инвесторлардың тарапынан қаржы бөлінген жағдайда, жерлері де белгіленіп бөлінді. Осыған байланысты мектептер құрылысы жүретін болады",- дейді. Маңғыстау облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Клара Құлатаева

Айта кетейік, былтыр 18 білім ошағында оқушылар 3 ауысыммен оқыды. Жаңа оқу жылында Ақтаудағы 31-ші шағын ауданда 1200 орындық, Мұнайлы ауданында 600 орындық мектеп пайдалануға берілмек.

Тасым Жаңай

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу