20 тамыз Ақтау қаласы 19 шағын ауданынан 36 жастағы азамат ұсталды. Жеке басын тінту жүргізу барысында апиын есірткі затына ұқсас зат анықталды. Одан әрі күдіктінің пәтеріне тінту жүргізу кезінде 8 пакетке оралған апиын есірткісіне ұқсас зат табылып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу