Ақтаулық тұтынушыларға 10 миллион теңгеден астам қаржысы қайтарылды

343

Маңғыстау облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұтынушыларға 10 миллион теңгеден астам ақшаны қайтарып берді, - деп хабарлайды inbusiness.kz mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.  

Ақтаулық тұтынушыларға 10 миллион теңгеден астам қаржысы қайтарылды Фото: Inbusiness.kz

Өңірдегі бағалы әшекей-бұйымдар сататын кәсіпкерлер "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңнаманы сақтамауына байланысты департаментке бірнеше өтініш келіп түсті. Атап айтқанда, Өскемен қаласының тұрғыны Ақтаудағы кәсіпкерден онлайн сауда жасап, алтын сағат сатып алады. Сатып алған сағаты сапасыз болуына байланысты сатушыдан ақша қаражатын қайтарып беруін сұраған.

Тұтынушы Заңның 42-4 бабына сәйкес кәсіпкерге өзінің наразылығын ұсынған. Тұтынушы департамент қызметкерлерінің көмегімен тауарға төленген соманы қайтарып алды. Департамент басшысы Рауан Мұхаев осы ретте тұтынушылардың құқығын тағы бір ескертті.

Заңның 7 бабына сәйкес тұтынушылардың:

  1. тауарларды (орындалатын жұмысты және көрсетілетін қызметті) иеленуге еркін шарт жасасуға;
  2. тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ағартуға және тұтынушының өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде құқықтық сауаттылығын арттыруға;
  3. тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпарат алуға;
  4. қауіпсіз тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға;
  5. тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) еркін таңдауға;
  6. тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасына;
  7. тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастап алуға немесе қайтарып беруге;
  8. тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан өздерінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде өтетуге;
  9. сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты немесе тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде жасалған шартты алуға;
  10. ұтыс түрінде берілген (орындалған, көрсетілген) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасы бойынша ойындардың бастамашысына (ұйымдастырушысына) кінә қоюға;
  11. тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін құруға;
  12. моральдық зиянды өтетуге;
  13. құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға;
  14. осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

Егер сіздің тұтынушы ретінде құқығыңыз бұзылса, көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласа аласыздар: 8(7292) 43-14-34, 43-01-17.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу