Ақтаулық үш тұрғынды алаяқ туристік саяхат ұйымдастырамын деп алдап соққан. Күдікті жазғы демалыс маусымын пайдаланып, Түркияға арзан билет алып беремін деп тұрғындардың сеніміне кіріп, уәде етеді. Бірақ өздерінің алданғанын түсінген соң жәбірленушілер полицияға жүгінген.
Криминалдық полиция қызметкерлері 36 жастағы күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Маңғыстау облысының полиция департаменті азаматтарға бейтаныс адамдарға ақша жібермеуді, көрсетілетін қызметтерді мұқият зерделеуді, түсініктемелерді, пікірлерді оқып, содан кейін ғана қаржылық операцияны жүргізуді ескертеді.
Тасым Жаңай