Ақтаулық вундеркинд бала өзінің рекордтық оқу жылдамдығымен танымал болды

220

Алтыншы сынып оқушысы Самир Валерий минутына 17 мың сөз оқиды. 

Ақтаулық вундеркинд бала өзінің рекордтық оқу жылдамдығымен танымал болды Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Ақтаулық мектеп оқушысы "100 жаңа тұлға" жобасының кейіпкері атанды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Екі жыл бұрын Самир минутына 90 сөзден артық оқи алмайтын. Алайда, жүйелі жаттығулар мен ұстазының қолдауының арқасында көрсеткішін едәуір жақсартты. Қазір оның оқу жылдамдығы минутына 16–17 мың сөзге жетеді.

"Ақпаратты жоғары жылдамдықпен қабылдау Самирге сабақта өзіне сенімді болуға және тек гуманитарлық пәндерде ғана емес, нақты ғылым пәндерінде де жетістікке жетуге көмектесуде. Ол қалалық және аудандық олимпиадалардың жүлдегері, ал 2023 жылы мектебінде "Жыл оқушысы" атағына ие болды", – деп жазылған ресми ақпаратта.

Самир сыныптастары арасында ұйымшыл, мақсаткер және жауапты оқушы ретінде танымал. Ол мектеп өміріне белсене араласып, көшбасшылық қабілетін және өсуге деген ұмтылысын көрсетіп жүр. Оның айтуынша, болашақта ел игілігі үшін қызмет етіп, білім, өнер және спорт салаларында өзін танытқысы келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу