Ақтаулықтар актер Джеки Чаннан су мәселесін шешуге жаппай көмек сұрады

639

Ақтаулық тұрғындар өңірге кино түсіруге келген Джеки Чанның сапарын әлеуметтік желіде күтпеген бастамаға айналдырды.    

Ақтаулықтар актер Джеки Чаннан су мәселесін шешуге жаппай көмек сұрады Фото: gov.kz

Ақтау тұрғындары әлемге әйгілі актердің жарияланымдарының астына жаппай пікір қалдырып, қаладағы көп жылдан бері шешілмей келе жатқан ауызсу мәселесіне назар аударуды сұрап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі тіпті видеоүндеу жариялап, актерге тікелей үн қатқан.

"Құрметті Джеки Чан, Ақтауға қош келдіңіз! Бұл – Қазақстан. Бізде ауызсу жоқ. Билік бірнеше рет жергілікті халықты ауызсумен қамтамасыз етуді тоқтатты. Өтінемін, үйіме келіңіз", – дейді жергілікті тұрғын.

Жергілікті жұртшылық әлемдік жұлдыздың назарын өңірдегі өзекті мәселеге аударуға тырысқан. Әзірге актер Ақтау тұрғындарының өтініштеріне ешқандай пікір білдірген жоқ.

Ал, Маңғыстау облыстық Су ресурстары және ирригация басқармасының мәліметінше, өңірде ауызсу тапшылығы жоқ. Мәселе тозығы жеткен су құбырларының өткізу қабілетінде болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу