Ақтаулықтар ауыз су мен жарықсыз қалды

550

Ақтау қаласындағы электр стансасында жабдықтардың жұмысы тоқтап қалғандықтан , қала тұрғындары жарықсыз қалды, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Ақтаулықтар ауыз су мен жарықсыз қалды Фото: yandex.kz

Қалада ыстық және суық су тоқтады. Жексенбі күні кешке, 16 сәуірде Ақтау тұрғындарына жергілікті атом электр станциясы "МАЭК" ЖШС-да болған ірі апат туралы хабарлама жіберіле бастады.                                                                 

"Сағат 17:04-те техникалық ақауға байланысты ЖЭО-2-де жабдық өшірілді. Бұл Маңғыстау энергетикалық орталығында жиіліктің төмендеуіне әкеп соқты. Салдарынан қала мен оған жақын елді мекендерде электр қуаты өшіп қалды. Қазір "МАЭК" ЖШС режимін кезең-кезеңімен қалпына келтіріп жатыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", делінеді "МАЭК" ЖШС хабарламасында.                                                                                                                           

Сонымен қатар электр станциясының өкілі Ақтауда ыстық су өшіп, тұрғындардың үйіне ауыз су жеткізудегі қысымның төмендегенін айтты. "МАЭК" ЖШС жөндеу жұмыстарына байланысты сағат 21.00-ден бастап қаланың төменгі шағын аудандарына ыстық су беру уақытша тоқтатылды. Сағат 22.00-ден бастап жоғарғы және төменгі ықшам аудандарда ауыз судың қысымы төмендеді.

Кәсіпорынға ыстық және ауыз су беру дүйсенбі күні түске дейін қалпына келтіріледі деп уәде етілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу