Ақтаулықтар Мейірхан Бітіммен қоштасты

3717

Қаза тапқан курсант туған жеріне жерленді.

Ақтаулықтар Мейірхан Бітіммен қоштасты

Бүгін маңғыстаулықтар Мейірхан Бітіммен қоштасып, марқұмның денесін жер қойнына тапсырды. Ол бар болғаны 19 жасында Алматыдағы қақтығыс кезінде бүлікшілердің қолынан қаза тапты, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

ҚР ҰҚК академиясының курсанты Мейірхан Бітім Ақтаудағы Ақтаудағы 11-мамандандырылған физика-математика гимназиясын екі жыл бұрын бітірген. Одан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясы шекарашылар бөліміне түскен. Биыл 2 курста оқып жүрген болатын. Оның мәйіті салынған мырыш табыт кеше Ақтау қаласына арнайы бортпен әкелінген. 

"Болашақ ел шебін қорғаушы Мейірхан Ержанұлы Отан үшін жанын пида етті. Ол небәрі 19 жасында бүлікшілердің қолынан қаза тапты. Бұл қаралы хабар барлығымызға ауыр тиді. Батырдың жаны жәннатта болсын. Ата-анасы мен ағайын-туыстарына сабыр берсін", – деп көңіл айтты облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін еліміздің бірқатар азаматтарын мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы қаулысына сәйкес, Мейірхан Бітім ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталды. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу