Ақтаулықтар су мен жылусыз қалды

537

Ақтау қаласының тұрғындары таңертеңнен бері ауыз су, ыстық су және жылудың жоқтығына шағымданып отыр. Шаһардың 30,12, 13, 27 және басқа да көптеген шағын аудандарында тапшылық байқалады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.  

Ақтаулықтар су мен жылусыз қалды  Фото: Google

"Біздің 30 шағын ауданда үнемі су тоқтап қалады. Ыстық су қашан қосылады? Неліктен мұндай жағдай орын алды? МАЭК әкімдікке қашан тапсырылды? МАЭК қашан сапалы жұмыс істейді? Апат болса, неге тұрғындарға бұл туралы хабарламайды? Далада боран, күн қақап тұр жылусыз отыру деген масқара емес пе?!" - дейді ашуланған тұрғындар.

Ал "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС Ақтауға ыстық су беруді тоқтатып, ауыз судың қысымын төмендегенін мәлімдеді. 

"Қазіргі уақытта судың қажетті көлемін жинақтау жұмыстары жалғасып жатыр. Күннің екінші жартысында ыстық сумен қамтамасыз ету қалпына келтіріледі. Тұрғындардан шыдамдылық танытуды және уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген кәсіпорын хабарламасында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу