Ақтаулықтарды 7 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ әйел ұсталды

435

37 жастағы әйел өзін жеке кәсіпкермін деп таныстырған. 

Ақтаулықтарды 7 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ әйел ұсталды Фото: polisia.kz

Ақтауда алаяқ әйел тұрғындарды 7 млн теңгеге жуық қаржыға алдап кеткен, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алаяққа алданып қалған тұрғындар полицияға арызбен жүгінген.

"Алаяқтыққа барған азаматша жәбірленушілердің сеніміне кіріп, олардан жеміс-жидек және балық өнімдерін алған, алайда аталған заттардың ақшасын бермеген. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 6,9 млн теңгені құрайды. Криминалдық полиция қызметкерлерімен "Anti fraud" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 37 жастағы күдікті әйелді ұсталды", - делінген хабарламада.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. 

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу