Ақтаулықтарға ертеңнен бастап ыстық су беріледі

557

Ақтау әкімі қалаға ауыз су мен ыстық судың қашан берілетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтаулықтарға ертеңнен бастап ыстық су беріледі

Әкім ауыз су мәселесінің бүгін шешілетінін хабарлады.

– МАЭК пен КЖСА қаладағы жағдайды қалпына келтіру үшін тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Бірлескен жұмыстың арқасында қалаға бүгін сағат 15:00-де ауыз су еш кедергісіз беріледі. Ал ыстық су ертең таңертеңнен бастап берілмек, – деді қала әкімі.

Айта кетелік, "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" компаниясының жабдықтары тозғандықтан, 4 желтоқсаннан бері қала ыстық сусыз отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу