Актер Азамат Сатыбалдының анасы өмірден өтті

9708

Бұл туралы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры хабарлады. 

Актер Азамат Сатыбалдының анасы өмірден өтті Фото: instagram.com

Танымал актер, "Қазақфильм" АҚ президенті Азамат Сатыбалдының анасы дүниеден өтті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театрымыздың артисі Азамат Сатыбалдының анасы - Сұраппаева Орынкүл Махатқызы өмірден өтті", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, театр режиссері Асхат Маемиров қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты.

"Азамат Сатыбалдыға аяулы анасы Орынкүл Махатқызының бақилық болуына байланысты Сұраппаевтар әулетіне қайғырып көңіл айтамыз!", - делінген жазбада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу