Актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлы өмірден өтті

153

Осыған байланысты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның отбасы мен жақын туыстарына, туған халқына көңіл айтып, қайғыра аза тұтатынын мәлімдеді.  

Актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлы өмірден өтті Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, актер әрі режиссер Балтабай Сейітмамытұлы дүниеден өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

– Балтабай Сейітмамытұлы саналы ғұмырын қазақ сахна өнеріне арнаған бірегей тұлға болды. Ол Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер академиялық театры мен Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының алтын қорына енген көркем бейнелер галереясын қалыптастырды. Классикалық және заманауи драматургияны терең философиялық оймен, биік актерлік мәдениетпен сомдай білді. Ұлттық мәдениеттің дамуына сүбелі үлес қосқан өнер иесінің жарқын бейнесі, бай шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болсын, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу