Актер Сәбит Әбдіхалықовтың әкесі дүниеден өтті

3926

Бұл туралы актер әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Актер Сәбит Әбдіхалықовтың әкесі дүниеден өтті Фото: instagram.com/sabit_abdykalykov

Танымал актер Сәбит Әбдіхалықовтың әкесі өмірден өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Менің жүрегімді уайымдап жүргенде, өзінің жүрегі тоқтады. Қайран, әкем! Өмірден өте жақсы адам боп өттің", - деп жазды актер.

Сондай-ақ, Сәбит Әбдіхалықовтың бірінші әйелі Айгүл Иманбаева да қазаға көңіл айтты.

"Бүгін Асылжанымның атасы Әбдімүтәлі дүниеден өтті. Жақсы кісі еді. Иманды болыңыз, әке! Соңғы кездесуіміз екен", - деп жазды әнші.

Сонымен қатар жазбаның астына бірнеше өнер адамдары актерге көңіл айтып пікір қалдырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу