Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды

743

Танымал актер Вахтанг Кикабидзе 84 жасында қайтыс болды.

Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды

Бұл туралы "ТАСС" агенттігі Грузияның "Мтавари архи" телеарнасына сілтеме жасап мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кикабидзе 1938 жылы шілдеде дүниеге келген. 1978 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 1980 жылы Грузияның халық әртісі атағы берілді.

Ол кеңестік және грузиялық кино саласында ондаған рөл сомдады. Кең танылған рөлдерінің бірі - Георгий Данелияның "Миминосындағы" Валико Мизандари.

2020 жылдан бері Вахтанг Кикабидзе Грузия парламентінің депутаты болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу