Актерлер арасында қазақ күресінен "Театр барысы" турнирі өтеді

888

Жарысқа еліміздің 17 облысындағы театр және кино актерлерімен қоса Қобыланды Болат және Саят Мақұлбаев сынды жалпы есепте 48 актер қатысады.  

Актерлер арасында қазақ күресінен "Театр барысы" турнирі өтеді Фото: egemen.kz

28 наурыз сағат 16:00-де елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен театрлар арасында "Театр барысы" республикалық турнирі өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Қазақапаратқа сілтеме жасап.

Турнирдің басты мақсаты – еліміздің театрларында ұлттық спортты дамытып, қазақ күресін кеңінен дәріптеу, сондай-ақ Қазақстанның театр кеңістігіндегі актерлердің өнер мен спорттағы шығармашылық әрі әріптестік байланысын нығайту.

Жоба авторы – "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының, "Ерен еңбегі" үшін төсбелгісінің иегері, театр және кино актері, үш дүркін "Өнер барысы", Музыкалық жас көрермен театрының актері Асылхан Төлепов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу