Активтерін қайдан алғанын растай алмаған қазақстандықтар байлығын мемлекетке тапсырады

448

Енді осындай шетел асқан автивтерді іздестіру, қайтару шаралары арнайы заңмен реттелмек.

Активтерін қайдан алғанын растай алмаған қазақстандықтар байлығын мемлекетке тапсырады Фото: Ашық дереккөзден

Соңғы 25 жылда сыбайлас жемқорлық әрекеттері арқылы елімізден шамамен 160 миллиард теңге заңсыз шығарылған. Сарапшылардың пайымы осындай, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Енді осындай шетел асқан автивтерді іздестіру, қайтару шаралары арнайы заңмен реттелмек. Бүгін Мәжіліс құжатты бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатқа сәйкес, активтерді қайтару ерікті және мәжбүрлі түрде жүзеге асады. Онымен арнайы құрылған комиссия мен мемлекеттік қор айналыспақ. Оған қоса заңды және жеке тұлғалардың реестрі құрылады. Егер мониторинг қорытындысы бойынша, құны 100 млн АҚШ долларынан асатын активті сатып алудың заңдылығына байланысты күмән туса, уәкілетті орган субъектіні реестрге енгізу мәселесін комиссияның қарауына шығарады. Ал, күдікке ілінген азамат активтері туралы ақпарат беруге, яғни декларацияны тапсыруға құқылы.

"Егер адам декларацияны тапсыру арқылы өз активтерін қайдан алғанын растай алмаса немесе декларацияны табыс етпесе, мұндай активтер негізсіз байлық ретінде танылып, мемлекет кірісіне қайтарылуы мүмкін. Адамдардың құқығын қорғауға, ашық процеске кепілдік беру және азаматтық қоғам жағынан бақылауды қамтамасыз ету мақсатында заң жобасында тиісті қадамдар ескерілген", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу