"Ақтөбе – адалдық алаңы" ауруханаларға медициналық аппараттар тарту етті

2163

Табыс етілген аппараттарының жалпы соммасы 3 миллион теңгені құрады.  

"Ақтөбе – адалдық алаңы" ауруханаларға медициналық аппараттар тарту етті

"Ақтөбе – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі Байғанин және Шалқар ауданының ауруханаларына оттегі концентраторы аппараттарын сыйға тартқан.

Қайырымдылық шарасына  Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, жобалық кеңсенің кураторы Қ. Бекенов, Жемқорлыққа қарсы Департамент басшысы М. Мұхамбетов, адалдық алаңы жобалық кеңсесінің басшысы Ж. Тұртаев және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С. Даньяров қатысқан.

"Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұсынысымен екі аудандық ауруханаға табысталған медициналық аппараттарды "Ақтөбе – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің волонтерлары мен қоғам белсенділері өз қаражатына алды. Аппараттардың жалпы соммасы 3 миллион теңгені құрады", – дейді жобалық кеңседе.

Шара барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары, адалдық алаңы жобалық кеңсесінің кураторы Қайрат Бекенов пен кеңсе басшысы Жанболат Тұртаев облыстық денсаулық сақтау басқармасына аппараттарды табыстап, қазіргі таңда адамдардың денсаулығын сақтау жолында тыңбай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандардың жұмысына сәттілік тіледі. Өз кезегінде,  Жемқорлыққа қарсы Департамент басшысы Мирлан Мұхамбетов және денсаулық сақтау басқармасының басшысы Самат Даньяров ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

"Ақтөбе – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің мәліметінше, осыған дейін адалдық алаңының волонтерлары  коронавирус инфекциясымен күрес жүргізу барысында белсенділік танытып, төтенше жағдай кезінде қаладан шыға берісте орналастырылған блок бекеттердің қызметкерлеріне көмектескен.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу