Ақтөбе әкімдігі келесі аптада жұмысты жарты сағатқа ерте бастайды

184

Бұл туралы облыс әкімінің өкіміне сәйкес белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Ақтөбе әкімдігі келесі аптада жұмысты жарты сағатқа ерте бастайды Фото: Деловая среда

21 сәуірден бастап Ақтөбе облысы әкімінің аппараты, облыстық басқармалар және Ақтөбе қаласы әкімдігі жұмыс күнін жарты сағатқа ерте бастайды.

Жаңа тәртіпке сай, жұмыс уақыты сағат 08:30-да басталып, 17:30-да аяқталады. Түскі үзіліс бұрынғысынша – 12:30-дан 13:30-ға дейін.

Аталған өзгеріс мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында енгізіліп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін 20 наурыздан бастап Өскемен қаласында да мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдар осындай жаңа жұмыс кестесіне көшкен болатын.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дархан Сапанов қала әкімдігінде өткен жиында мәлімдеген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу