Ақтөбе әкімдігіне елу қолшатыр не үшін керек

1758

Ақтөбе облысында дау тудырған 50 қолшатырдың өңірге келген қонақтар үшін сатып алынғаны белгілі болды. Олар үш жылда бір рет сатып алынады екен, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Ақтөбе әкімдігіне елу қолшатыр не үшін керек

Айта кетейік, облыс әкімдігінің бюджет қаражатына қолшатыр сатып алатыны жөнінде мемлекеттік сатып алу сайтына жариялаған екі лоты түсініспестік туғызған болатын. Олардың 20 үлкен және 30 шағын көлемде, қара түсті болуы, ұстайтын жері таза ағаштан жасалған болуы керек екендігі көрсетілген еді. Ұсыныс 428 571,60 теңгеге бағаланып, нәтижесінде 195 мың 570 теңгеге сатып алынады. Сондай-ақ бұған дейін қолшатырлар бойынша қойылған сауалға өңір басшысы Оңдасын Оразалин "бұл мәселеден хабарсыз" екенін айтып, жауап берген еді.

Мән-жайды түсіндірген облыстық әкімдіктің іс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мейрам Әуелбековтің айтуынша, қолшатырлар ауа райы қолайсыз, жауынды-шашынды күндері келіп қалған "ішкі және халықаралық кездесулердегі" ресми делегация мүшелеріне арналған. Белгілі болғандай, қолшатырлар әрбір үш жыл сайын сатып алынады, ал бұған дейінгілері сынып, жарамсыз болып қалған.

"Келген адамдар тек ғимараттың ішінде жүрмейді ғой, нысандарды аралайды, егіс басына барады", – деп түсіндірді Мейрам Әуелбеков.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу