Ақтөбе әкімдігінің қызметкерлері электромобиль мінгісі келе ме?

355

Мемлекеттік сатып алу туралы сайтта екі бірдей электрокөлік туралы лот жарияланған.

Ақтөбе әкімдігінің қызметкерлері электромобиль мінгісі келе ме? Фото: Ашық дереккөзден

Тапсырыс беруші ретінде "Ақтөбе облыстық әкімдігінің іс басқармасы" мемлекеттік  коммуналдық мекеме көрсетіліпті. Әр көлік үшін 38 990 000 теңге төлеу жоспарланып отыр. Тапсырыс беруші тарап электромобильдерде 5 орыннан кем емес және төрт есікті болуы шарт деп талап қойған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.   

Байқау әлі өтпеген.

Ал Ақтөбе облыстық әкімдігінің іс басқармасындағылар екі электромобиль облыстық әкімдіктің автопаркін жаңалау үшін қажет деп түсіндірді. Таңдаудың дәл осы электр қуаты арқылы жүретін көлікке түсуі арзан, әрі экологияға зияны жоқ екендігінде болып отыр.

Электромобильдерді пайдалану нәтижелі болса, әрі қарай автопаркті жаңалау мәселесі қарастырылады, дейді облыстық әкімдіктегілер.

Ақтөбенің әкімдігі бұған дейін де "ерекше" тендер жариялап, есте қалған еді.

Ол кезде  қадірменді меймандардың туфлиін  шаң баспасын деп арнайы щеткаға тендер ойнатқан. Оған қазынадан 200 мың теңге қарастырылғанымен, жеңімпаз мердігер 99 мыңға 200 аяқ киім сүрткіш алып беруге келіскен. Әрқайсысы 498 теңге тұрады. Басқармадағылар аксессуарды шетелдік қонақтар, мәртебелі меймандар ғана қолданатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу