Ақтөбе әкімі суармалы жер көлемін 40 мың гектарға жеткізуді тапсырды

1441

Бердібек Сапарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында елбасы берген тапсырмаларды жүзеге асыруға байланысты жиын өткізді.

Ақтөбе әкімі суармалы жер көлемін 40 мың гектарға жеткізуді тапсырды

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев үкіметтің 30 қаңтар, сәрсенбі күні өткен кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы берген тапсырмаларды жүзеге асыруға байланысты жиын өткізді. Оған мемлекеттік органдардың, коммуналды кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың басшылары мен т.б. қатысты.

Облыс әкімі Жастар жылының тиімді жүзеге асырылуына, соның ішінде жастар кәсіпкерлігін дамытуға назар аударды. Айта кетейік, жалпы, шағын және орта бизнесті шағын несиелеуге биыл 5 млрд теңге аударылмақ. Қарызды уақытында және 100% беру, қаражатты игеру тапсырылды.

Өнеркәсіп саласында импортты алмастыру және экспорт өнімін арттыру жобасын жүзеге асыруға басымдық берілетін болады.

"Биыл үкімет импортты алмастыру мен экспорттауға бағытталған жобаларды қолдау үшін 600 млрд теңге бөледі. Өндірістің әзірленген теңгерімі мен облыстың тұтынуы негізінде басым жобаларды анықтап, олардың аталмыш бағдарламаға енгізілуін тапсырамын. Отандық автоөнеркәсіпті қолдаудың жаңа бағдарламасы іске қосылады. Облыстың оған қатысу әлеуетін, сонымен қатар, автоомобиль, құрамдас бөлшектер, ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінің мүмкіндігін қарастыру керек",– деді Бердібек Сапарбаев.

Мемлекет басшысының азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету тапсырмасын орындау мақсатында биыл Ақтөбе облысында кем дегенде 1 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, құрылыстағы жергілікті құрылыс материалдарының мазмұнын қазіргі 85% -дан 90% -ға дейін арттыру міндеті тұр.

"2018 жылы суармалы жерлер алаңы 30,2 мың гектарға дейін өсті, осы жылы 40 мың гектарға жеткізу керек. Ауыл шаруашылығындағы қайта өңдеу жыл сайын 5-7 пайызға өсіп келеді, бірақ ет, сүт комбинаттарының қуаттылығы бәрібір 50% ғана іске қосылған. Олай болмайды. Бізде сол сүт пен сүт өнімдеріне деген қажеттілікті толықтай қамтамасыз ететін әлеует бар. Мемлекет қолдауы бар. Тек сүт жинайтын кәсіпорындарды біріктіру және сүт тауарлы фермаларды құру жұмыстарын күшейтіп, шикізатты жинау жағын жолға қою қажет. Ауыл тұрғындарына сүттерін қайта өңдеу кәсіпорындарына тапсыра алатындарын түсіндіру керек. Мысалы "Айс" ЖШС бір литр сүтті 100 теңгеге сатып алады. Бұл ауыл тұрғыны үшін үлкен көмек. Сондай-ақ, 2019 жылы ет экспортының көлемін 4 мың тоннаға дейін ұлғайтып, экспортқа жіберілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайтадан тереңдей өңдейтін жаңа өндіріс орындарын құруға ерекше көңіл бөлген жөн",– деді өңір басшысы.

Бердібек Сапарбаев облыстың 500 шақырымдық автокөлік жолының сапалы жөнделуін қамтамасыз ету, коммуналды қызметтер тарифінің, бірінші қажеттіліктегі азық-түліктер мен дәрі-дәрмектер бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мәселелері қатаң бақылауда болу керектігін атап өтті.

Облыс әкімі: "Халықты толғандыратын сұрақтардың бірі – медициналық қызметтердің сапалылығы мен қол жетімділігі. Денсаулық сақтау басқармасы бұл іспен тығыз айналысуы керек. Біздер, өз тарапымыздан биыл жедел жәрдем қызметін автомобильдермен қамтамасыз ету сұрағын шешу арқылы қолдау көрсететін боламыз", – деп жеткізді.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органдарына құқықбұзушылықтың, әсіресе кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және ескерту жұмысын күшейту тапсырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу