№34/33 "Ақтөбе-Алматы-1" бағыты бойынша жүретін жолаушылар пойызының Шу жол телімінде нәресте дүниеге келді.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз орталығының хабарлауынша, 5-вагонда келе жатқан Алтынай Темір жол үстінде толғатып, жолсеріктер мен пойыздағы сапар шегіп бара жатқан жолаушы дәрігерлердің көмегімен аман есен босанған. Отар стансасына келгенде оларды жедел жәрдем көлігі тосып алып, жақын маңайдағы ауруханаға жеткізіпті.
Компания өз атынан қол ұшын созған жолаушылар – дәрігер Евгений Колопилов пен акушер Бейбіткүл Құмғанбаеваға және де вагон жолсерігі Руслан Байекешов пен пойыз басшысы Сағынай Жүсіпке алғысын білдіреді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу