Ақтөбе әскери институты Чехия ұшақтарын сатып алды

510

Ұшақтар чехиялық Aircraft Industries зауытында өндірілген.

Ақтөбе әскери институты Чехия ұшақтарын сатып алды Фото: Қорғаныс министрлігі

Ұшақ 380 км/сағ жылдамдықпен және 1000 шақырым қашықтықты ұшып өтуге қабілетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Чехияның L-410 әскери-көліктік ұшақтары Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының авиациялық паркін толықтырды", - делінген хабарламада.

Ұшақтар чехиялық Aircraft Industries зауытында өндірілгені айтылған. L-410 ұшағы Қарулы күштердің болашақ көліктік авиация ұшқыштарын дайындауға ең тиімді ұшу аппараты. Ұшақ 380 км/сағ жылдамдықпен және 1000 шақырым қашықтықты ұшып өтуге қабілетті. 1000 келіні немесе 19 адамды тасымалдауға арналған. Ұшақтың техникалық сипаттамалары оны жыл он екі ай бойы пайдалануға мүмкіндік береді.

"Оның тағы бір ерекшелігі әртүрлі алаңдарға ұшып-қону мүмкіндігінде болып отыр. Сондықтан әскери-көліктік авиация курсанттарын даярлау "Ақтөбе" және "Хлебодаровка" әуеайлақтарында еркін жүзеге асырылатын болады", - делінген хабарламада.

Авиациялық парктің жаңа L-410 ұшақтарымен толығуы әскери институтқа қаражатты үнемдеп қана қоймай, болашақ ұшқыштардың жауынгерлік дайындығы мен ұшу дағдыларының тиімділігін арттыруға айтарлықтай мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу