"Ақтөбе-Астрахань" автожолы 9 метрге кеңейеді

978

Сондай-ақ, қозғалыс сағатына 120 шақырымға дейін жылдамдықпен жүруге рұқсат етілген II техникалық санаттағы күре жол болады.

"Ақтөбе-Астрахань" автожолы 9 метрге кеңейеді

Бүгінде Ақтөбе облысында ұзындығы 319 км "Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань)" республикалық маңызы бар автожол учаскесін қайта жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Аталмыш автомобиль жолы Орталық Азияны Еуропамен, сондай-ақ Ресей Федерациясымен қосатын халықаралық дәліз болып табылады.

Қайта жаңартудан кейін бұл көлік жолының ені 9 метрге дейін кеңейтіліп, қозғалыс сағатына 120 шақырымға дейін жылдамдықпен жүруге рұқсат етілген II техникалық санаттағы күре жол болады.

"Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань)" автожолын жөндеу жұмыстары 7 учаскеге бөлінген. Қазір оның 1 учаскесінде жұмыстар аяқталды, қалған  ұзындығы 230 шақырымды құрайтын 4 учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу