"Ақтөбе-Атырау-Астрахань" тасжолының 154 шақырымында қозғалыс ашылады

569

Өңірдегі республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы – 1892 шақырым. 

 "Ақтөбе-Атырау-Астрахань" тасжолының 154 шақырымында қозғалыс ашылады

Республикалық маңызы бар 160-220 "Ақтөбе-Атырау-Астрахань" автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Жолдың 60 шақырымындағы жұмыстарды жолшылар жоспарға сәйкес орындап жатыр, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

"Қазіргі таңда мұнда ірі түйіршікті асфальт-бетоннан жасалған жол жабындысының төменгі және жоғарғы қабаттары жаңартылуда. Аталмыш жұмыстар аяқталған соң ені 9 метрді құрайтын қозғалыс бөлігі бар тасжол ІІ техникалық санаттағы жолға сәйкестендірілетін болады. Жолдың осы учаскесіндегі жұмыстарға шамамен 175 адам мен техниканың 116 бірлігі жұмылдырылған. Жол учаскесіндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарын Todini Costruzioni Generali S.p.A. мердігерлік компаниясы, техникалық бақылау шараларын "Consult Enginering" және "ZS Enginering" компаниялары жүзеге асыруда",– деп жазылған министрлік хабарламасында.

Ақтөбе облысында "Ақтөбе-Атырау-Астрахань" тасжолының жалпы 154 шақырымында қозғалыс ашылмақ. Бұл – жолдың 160-220, 236-275 және 275-330 шақырымдарының аралығы.

Айта кетсек, өңірдегі республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы 1892 шақырым. Жолдардың шамамен 70% жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу