"Ақтөбе - Атырау" тас жолы биыл да бітпейін деп тұр

430

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Ақтөбе - Атырау" тас жолы биыл да бітпейін деп тұр Фото: canva.com

Ақтөбе - Атырау тас жолы биыл қолданысқа берілуі тиіс еді. Алайда тағы бір жылға кейінге шегерілетін болды.

"Битум тапшылығы болды. Елімізде мұндай проблема бар. Жыл сайын Ресейден әкелеміз. Биыл 100 мың тонна импорттаймыз деген келісім жасалды. Өте аз бұл. Кейін ҚР Премьер-министрі мен оның орынбасары ресейлік әріптестерімен келісіп, қосымша 200 мың тонна алуға рұқсат берілді. Құжаттарды рәсімдеп жүргенде бір жарым айды жоғалтып алдық. Бұл – биыл кері әсер еткен фактор. Жалпы айтар болсақ, мердігер компания ширақ қимылдауы керек еді. Олар бояу болды. Сонымен бірге жобалық-сметалық құжаты 2016 жыл жасалған, ескі. Қазіргі баға өзге. Сондықтан түзетуге жіберілді. Қайта айтамын, мердігер тез жұмыс істегенде, түзету болмас еді. Екінші жағынан мердігерлерді де түсінуге болады. Жобаның жасалғанына 7 жыл болды. Осы аралықта ​ баға​ қатты өзгерді", - деді Марат Қарабаев.

Енді құрылыс 2024 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

"Құрылысы ұзаққа созылған Атырау – Астрахань, Ақтөбе – Қандыағаш, Алматы – Астана, Талдықорған – Өскемен жолдары келер жылы аяқталады деп отырмыз. Бұл туралы тұрғындар жиі айтып, көтерді. Биыл осы бағытта көп жұмыс атқарылды. Халықтың наразылығын түсінеміз. Кешірім сұраймыз. Адамдар үшін құрылыстың ұзаққа созылуы қиындық туғызады. Біз келер жылы осы құрылысты аяқтаймыз деп уәде береміз", - деді Көлік министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу