"Неге бәрін шетелдіктерге беріп жатыр": Ақтөбе әуежайы инвесторға берілмек

944

Қазір шетелдік компаниямен келіссөздер жүріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Неге бәрін шетелдіктерге беріп жатыр": Ақтөбе әуежайы инвесторға берілмек Фото: Ақтөбе әуежайының баспасөз қызметі

Бұл туралы Ақтөбеге жұмыс сапары кезінде көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.

Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайы басшылығы министр назарына жаңа пошта терминал-хабын салу жөніндегі жобасын ұсынды.

Жаңа нысан іске қосылса, АҚШ және Еуропадан тауарларды жеткізу мерзімі әлдеқайда қысқаратын болады. 

"Қазір басты мақсат – Ақтөбенің әуежайына шетелдік инвестор әкеліп, сол инвесторға басқару құқығын беру. Оған халық түсіністікпен қарауы керек. Сенімгерлік басқару туралы сөз болғанда, "неге бәрін шетелдіктерге беріп жатыр" деген сұрақ туындап жатады. Біз мына нәрсені түсінуіміз керек, ұшу алаңы – ол мемлекеттікі, ол ешқашан ешкімге берілмейді. Инвестор әуежайды сенімгерлік басқаруға алып, инвестиция салып, табыс тапқанымен, мүлік Қазақстандыкі болып қалады", - деді көлік министрі.

Сондай-ақ әдетте инвесторлар басқаруында 20-30 әуежайы бар, озық технологияны қолданысқа енгізген компаниялар арасынан таңдалатынын да жеткізді. Ақтөбенің әуежайына қатысты қазір Savico group компаниямен келіссөздер жүріп жатыр. 

Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық аэропорттың әлеуеті үлкен. Жыл басынан бері 765 мың жолаушыға қызмет көрсеткен. Бүгінгі күні рейстер 9 бағытта қатынаса, оның ішінде 4-еуі халықаралық бағыт.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу