Министрліктің мәліметінше, күні бойы әуе айлағының аумағында Ақтөбе өңірінің құтқарушылары су айдау жұмыстарын жүргізген. Жергілікті атқарушы органдар өз кезегінде облыстық маңызы бар автожол учаскесін жасанды түрде жарып жіберді.
Бұл жинақталған еріген суды ағызуға мүмкіндік берді. Себебі, баламалы айналма жол бар. Қазір рейстер жаңартылды.
Айта кетейік, бұған дейін су тасқыны салдарынан Ақтөбенің халықаралық әуежайында рейстер кешіктіріліп, артынша жабылғанын жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу