Ақтөбе әуежайы таңға дейін жабық

296

Ақтөбе әуежайы жедел желіні іске қосты.  

Ақтөбе әуежайы таңға дейін жабық Фото: gov.kz

Ақтөбедегі Әлия Молдағұлова әуежайының кестесіне сәйкес, бүгін, 7 ақпанда 10 рейсті қабылдау жоспарланған. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстер тоқтап, кейбірі кешігіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тоқтатылған рейстер:

Qazaq Air Iq399 / 395 Астана-Ақтөбе-Атырау; SCAT DV727 / 728 Астана-Ақтөбе-Астана; Qazaq Air Iq396 / 400 Атырау-Ақтөбе-Астана. 

Кешіккен рейстер:

FlyArystan КС7191 / 7192 Алматы-Ақтөбе-Алматы; Scat Dv11 / 712 Алматы-Ақтөбе-Алматы; FlyArystan КС7391 / 7392 Астана-Ақтөбе-Астана; SCAT Dv721 / 722 Астана-Ақтөбе-Астана; FlyArystan КС7778 / 7777 Ақтау-Ақтөбе-Ақтау. 

Ақтөбе әкімдігінің хабарлауынша, бұған әуежайдың ұшу-қону алаңында метеорологиялық жағдайдың күрделілігі себеп болып отыр. 

"Ақтөбе әуежайының баспасөз қызметі жолаушылардан өзекті ақпараттарды әуежайдың анықтама қызметінен немесе әуе компанияларының Сall-орталықтарынан нақтылауды сұрайды", - делінген хабарламада.

Сall-орталық қызметкерлері жолаушылардан түскен барлық хабарламаны жедел талдап, рейстердің кешігуі бойынша кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу