Ақтөбе әуежайында жолаушылар жеке куәліктің электронды нұсқасын көрсете алады

1256

Ақтөбе әуежайында пилоттық режимде цифрлық құжаттар қызметі іске қосылды,  деп хабарлайды inbusiness.kz ИИДМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе әуежайында жолаушылар жеке куәліктің электронды нұсқасын көрсете алады

2020 жылғы 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысының жеке куәлікті беру процесін цифрландыру жөніндегі тапсырмасыны орындау үшін ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және тағы басқа мүдделі органдар ұшақта цифрлық құжаттарды пайдалану бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр.

"Бүгінде цифрлық құжаттар қызметі пилоттық режимде Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайларында іске қосылған. 2021 жылғы 28 шілдеден бастап жоба Ақтөбе әуежайында да іске қосылды. Осы үш қала арасындағы тұрақты рейстермен ұшатын жолаушылар жеке деректерін растау үшін Egov Mobile мобильді қосымшасы арқылы жеке куәліктің электронды нұсқасын көрсете алады", - деп жазылған хабарламада.

Цифрлық құжаттар қызметін пайдаланатын жолаушылар әуежайда рейске тіркелу және ұшу алдында тексеруден өту кезінде Egov Mobile қосымшасындағы QR-кодты көрсетуі тиіс.

"Қазіргі таңда еліміздегі әуежайларда цифрлық құжаттар қызметі
пилоттық режимде іске қосып жатыр. Бұл қызметті пайдаланатын жолаушылар өзімен бірге жеке куәлігінің түпнұсқасын алып жүруі керек", - деп жазылған хабарлама.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу