Енді жолаушылар Ақтөбеден Оралға, Ташкентке тікелей ұшып барып, қайта алады.
Оралға отандық Qazaq Air әуекомпаниясы, ал Өзбекстанның Ташкентіне Uzbekistan Airways ұшатын болады.
– Ташкентке рейстерді 1 қарашадан бастап орындау жоспарлануда. Қазір Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен келіссөздер жүргізілуде, – дейді "Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы" АҚ Басқарма төрағасы Дастан Мәлиев.
Ақтөбе әуежайы 12 бағытта жолаушылар рейстеріне, 5 әуекомпанияға қызмет көрсетеді. Жыл соңына дейін бағыттар саны 14 бағытқа дейін артады.
Зада Зейін
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу