Ақтөбеде BMW мен Chevrolet көліктерін жарыстырғандар жазаланды

869

Патрульдік полиция автожолда жарыс ұйымдастырған екі жүргізушіні анықтады.  

Ақтөбеде BMW мен Chevrolet көліктерін жарыстырғандар жазаланды Фото: polisia.kz

Күндізгі уақытта бейнебақылау камераларына BMW және Chevrolet автокөліктерінің жоғары жылдамдықпен жүріп, қауіпті маневрлер жасап, көше жарысын ұйымдастырғаны тіркелген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Олар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген.

Жүргізушілердің жеке тұлғалары анықталды. Заң аясында жауапқа тартылды.

Ал, көліктер арнайы айып тұрағына қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу