Ақтөбе бейметалл құбырлар зауыты банкрот болып, сатылымға шығарылды, деп хабарлайды аktobenews.kz.
Ақтөбе бейметалл құбырлар зауыты нарыққа бейімделе алмай, шығарған өнімі өтпей, банкрот болды.
"Біз зауыт басшылығымен тұрақты байланыстамыз. Ең бастысы, мүлік жалақы берешегін жабу үшін жеткілікті. Біздің негізгі міндетіміз – банкроттық процедурасының әрбір кезеңін мониторингілеу және осы жұмысты үйлестіру. Бірінші кезекте, мүлікті сатқаннан кейін кәсіпорынның еңбекақысы төленеді. Тіпті егер мүлік төмендетілген болса да, біз жалақы бойынша қарызды жаба аламыз", – дейді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов.
Қазір зауыттың барлық мүлкі мен ғимараты да сатылымға шығарылды. Зауыт құны – 1 миллиард 400 миллион теңге.
"Зауыт банкрот деп танылып, сатылымға шығарылды. Сәуірде өтпеген соң зауыт құны 20 пайызға арзандап, мамыр айында қайта сатылады. Егер ол кезде өтпесе, заң аясында уақыт беріліп, бір айдан соң қайта сатуға шығарылады. Яғни, зауыт құны 50 пайызға арзандайды", – деді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов.