Ақтөбе ферроқорытпа зауыты цехын іске қосу кезінде жұмысшы қаза тапты

2362

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты цехын іске қосу кезінде жұмысшы қаза тапты

Ақтөбе ферроқорытпа зауытының балқыту цехын іске қосу кезінде "ГеоПроектСтрой ХХI" ЖШС-нің жұмысшысы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №4 балқыту цехын іске қосу кезінде қайғылы оқиға тіркелді. "ҚазХром" ТҰК" АҚ таратқан ақпараттық хабарламаға сүйенсек, зауыт аумағында монтаждау жұмысын жүргізген "ГеоПроектСтрой ХХI" ЖШС-нің жұмысшысы мерт болды. Ол 23,8 метр биіктікте жұмыс істеп, бір нүктеден екінші нүктеге ауысу кезінде қауіпсіздік белдігін шешіп тастаған. Дәл сол кезде ол жоғарыдан құлап кетті.

"Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Бірақ жұмысшы бірден көз жұмды. Полиция қызметкерлеріне, еңбек инспекциясына хабар берілді. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тергеу аяқталған соң құжаттардың бәрі ҚР заңнамасына сай құқық қорғау органдарына беріледі. "Қазхром" компаниясы қаза тапқан жұмысшының отбасына көңіл айтады",- делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұған дейін  хабарлағанымыздай, "Қазхром" ТҰК" АҚ-на қарасты Дөң кен-байыту компаниясында вагон сүйреп кетіп, ауруханаға түсті. Тағы бір жұмысшы кен астында қалып қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу